Басты ақпарат

Астанаға арнайы сыйлық



Кеше Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің биылғы жылғы «Алтын сапа» сыйлығын өзінің жаңа иегерлеріне тапсырды.

Мемлекет басшысы осы жиында бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі өңірлер мен қалалардың рейтингі нәтижесі бойынша алға шыққан Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке арнайы сыйлық табыс етті.
Басқосуда бұдан бөлек, Президенттің арнаулы «Алтын сапа» сыйлығының биылғы жылғы аталым иелері анықталды. Оның шеңберіндегі «Үздік индус­триялық жоба» сыйлығы – «Giessenhaus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің тең төрағасы В.Литуевке, «Үздік инновациялық жоба» сыйлығы – «Recycling Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоба жетекшісі А.Рябининге, «Сапа көшбасшысы» сыйлығы – «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқармасының төрағасы М.Есеновке, «Үздік азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорын» сыйлығы «Абзал және компания» толық серіктестігінің директоры М.Ералиевке берілді, «Парыз» байқауының гран-при жүлдесі «Евразиялық топ» жауапкершілігі шектеу­лі серіктестігінің директоры А.Машкевичке табыс етілді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button