Жаңалықтар

АСТАНАЛАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯДЫ



Елорда әкімі Алтай Көлгінов Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеповпеп кездесіп, екі ел астанасының ынтымақтас­тығына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

«Еліміздің және Түрікменстанның Президенттері Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі барысында екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді – сауда-экономикалық ынтымақтастықты, транзиттік-көлік әлеуетін, мәдени-гуманитарлық саладағы байланысты нығайтуды және басқа да мәселелерді талқылады.

Бұл – сауда, экономика, мәдениет және басқа да мәселелер. Мұндай кездесулер қалалар мен елдер арасындағы достық және іскерлік қатынастарды нығайтуға, жеке инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, өзекті бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді» деп жазды А.Көлгінов Instagram парақшасында.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button