ӘлеуметЖаңалықтарРуханият

АСТАНАЛЫҚ ҒАСЫР-ӘЖЕ



ghasyr-azhe-3-asli

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласының 102 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Дана Досполованы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

– Сіз өз өміріңізде көп жағдайды бастан кешірдіңіз. Басқа да қазақстандықтармен бірге тылда аянбай еңбек етіп, Ұлы Отан соғысындағы жеңісті жақындатуға үлес қостыңыз. Одан кейін елдің еңсесін көтеруге атсалысып, балаларыңыз бен немерелеріңізді бағып-қағып өсірдіңіз. Оларды Отанды сүюге, оны көркейту жолында талмай еңбектенуге үйреттіңіз. Көктемнің осындай тамаша сәтінде сізге шексіз тағзым мен ілтипат білдіруге рұқсат етіңіз. Шын жүректен мықты денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке тілеймін! Жақындарыңыздан тараған қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімі мәңгілік сарқылмасын, – деп Тамара Дүйсенова ыстық лебізін жеткізді.
Мерекемен құттықтай келген министр кейуанаға гүл шоғы мен теледидарды сыйға тартты.

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button