Жаңалықтар

АТА-АНАЛАР ЕКПЕ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ



Алдағы оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Елорданың оқу орындары оқушыларды 1 қыркүйекте қабылдауға дайындалып жатыр. Сондықтан мектеп қызметкерлері мен балалардың ата-аналарының өздері оқушыларды COVID-19-дан қорғау үшін вакцинацияланғаны маңызды екенін айтады.

«Қазір – Қазақстан үшін өте қиын кезең. Осындай қиын жағдайда инфекциямен күресте бізге тек вакцина көмектеседі. Вирусты өзгелерге жұқтырмас үшін және балаларымызды қорғап, олардың мектепке алаңсыз баруы үшін вакцинациядан өтуіміз керек. Сондықтан, құрметті ата-аналар мен оқытушылар, барлықтарыңыздан екпе алуды сұраймын» деп астаналық Ақнұр Молдашева азаматтарға жүгінді.

Вакцинация коронавирустық пандемиямен күресте жалғыз тиімді қару екені белгілі. Азаматтар иммундаудан неғұрлым тезірек өтсе, соғұрлым COVID-19 таралуының өсуі тоқтайды.

Әлия Жахинаның баласы музыка мектебінің 4-сыныбында оқиды. Бүкіл отбасымен бірге вакцина алған ата-ана халықты жаппай вакцина қабылдауға шақырды.

«Мен өз елімнің патриотымын, белсенді азаматпын және ата-анамын. Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғашқылардың бірі болып алдым. Бұл өте маңызды деп есептеймін. Құрметті ата аналар, мұғалімдер, достар, бірге вакцинациядан өтіп, пандемияны жеңіп, бұрынғы өмірге оралайық» деді тағы бір ата-ана Дәнекер Қасымова.

КВИ-ға қарсы вакциналар қауіпті вируспен күресте өз тиімділігін дәлелдеді, бұған бүкіл әлем бойынша ғалымдардың ондаған зерттеулерінің нәтижесі дәлел бола алады. Тек вакцина алу арқылы ғана өзіңіздің және айналаңыздағылардың денсаулығын қауіптен сақтауға болады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button