Жаңалықтар

Әуезді демалыс



Бүгін сағат 18.00-де «Астана Опера» театрында «Музыкалық демалыс» атты концерт өтеді. Бұл – республикамыздың жетекші шығармашылық білім ордалары мен шетелдің беделді оқу орындарында білім алып жатқан дарынды қазақстандық студенттердің екінші концерті.

Кеште П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерватория­сы, Брюссель Корольдік консерваториясы (Бельгия) студенттері отандық авторлар мен классик композиторлардың туындыларын орындайды. Атап айтқанда, Томирис Әли (фортепиано), Батырхан Сүлеймен (фортепиано), Эльнұра Русланбекқызы (скрипка), Лаура Құлекешева (сопрано) бар. Концертмейстер – Зәру Жазықбаева.

Бағдарламада Р. Шуман, С. Рахманинов, И. Бах, В.А. Моцарт, Г. Гендель, И. Брамс секілді классик композиторлардың шығармалары орындалады. Ескеретін жайт, Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен 65 жастан асқан адамдарға театрға келуге уақытша тыйым салынған.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button