ЖаңалықтарМәдениет
АВТОРЛЫҚ ӘНДЕР ФЕСТИВАЛІ
Астана қаласынан Қарағандыға шығатын тасжолдың 17-ші шақырымында орналасқан «Причал» қонақжайында «Астана-2012» халықаралық авторлық ән фестивалі басталды. Астана қаласы әкімдігі мен «Доминанта» авторлық әндер қоры ұйымдастыратын фестиваль биыл 14-ші рет өтіп отыр.
Айтулы шараға еліміздің аймақтарынан және шетелдерден әншілер келіп отыр. Сенбі-жексенбі күндері лауреаттарын анықтайтын фестиваль қонақтары арасында ТМД елдеріне танымал орындаушылар Александр Виницкий, Лидия Чебоксарова, Роман Ланкин, Сергей Труханов, Вера Вотинцева және басқалары бар.