Елорда тынысы

Автотұрақ бағасы қымбаттайды



1 тамыздан бастап Астана халықаралық әуежайындағы автотұрақ тарифі өзгереді. Мәселен, Р1, Р2, Р3 аймақтарындағы автотұрақтың құны 100-ден 200 теңгеге дейін, Р4, Р5, Р6 аймақтарында сағатына 50-ден 100 теңгеге дейін қымбаттайды.

Ал ұшаққа мінетін жолаушыларды шығарып салуға келген автокөліктер алғашқы және екінші рет кіргенде барлық пайдаланушы үшін 15 минут ішінде тегін болып қалады. Әуежайдың әкімшілігі түсіндіргендей, автотұрақ тарифтерінің өзгеруі коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты. Ішкі рейс­терге арналған T2 терминалының оң жағында орналасқан 274 орындық жабық автотұрақ құны өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, әуежайда ақылы автотұрақпен салыстырғанда көбірек бос орындары бар жабық автотұрақ аумағына іргелес тегін тұрақ бар. Бірақ ол жерде автокөлікті ұзақ уақыт қалдыруға болмайды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button