ЖаңалықтарРуханият

«АЯЛАҒАН АСТАНА-2017»: АҚТЫҚ КЕЗЕҢГЕ КІМДЕР ӨТТІ?



c1-3-asli

«Аялаған Астана-2017» V республикалық теле­визиялық балалар байқауының финалистері анықталды. Байқаудың бас продюсері Лина Арифулина бастаған музыкалық редакторлар тобы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп тапқан балғын әншілер сайысқа қатысатын болды.

Бір жарым ай ішінде елі­міздің әр аймағынан ұйым­дастыру комитетіне 300-ден астам өтініш келіп түскенін айта кетейік. Қазылар алқасы жіберілген бейнежазбаларды саралап, қорытындысында 12 үміткерді таңдады. Олардың арасындағы Каринэ Болат пен Томирис Маратқызы Астана қаласының намысын қорғайды.
Талабы таудай өзге жеткін­шектердің қатарында Әлібек Азамат (Алматы), Бейбарыс Айтмұхамбетов (Ақмола облысы), Мәди Аманбаев (Жезқазған), Арайлым Берік (Қызылорда), Айдана Жалелова (Семей), Әмина Жапар (Солтүстік Қазақстан облысы), Илья Кошиков (Қарағанды), Алан Мерғали (Орал), Аялан Мұқанов (Қостанай) және Луиза Нұр­қуатова (Ақтау) бар.
Осылардың ішінде соңғы аталған қатысушыға аз-кем тоқталайық. Осыдан екі жыл бұрын «Славян базары» фестивалінде қазақтың қос ұлы мен қызы айды аспанға бір-ақ шығарды. Қазір әлемді аузына қаратып жүрген Димаш Құдайберген онда ересектердің арасында гран-приді иеленсе, Луи­за Нұрқуатова фестиваль ая­сындағы «Витебск-2015» балалар байқауында бас жүл­дені жеңіп алды.
Луиза «Аялаған Астана» байқауына да бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бұған дейін осы сайыстан екінші орынды иеленді. Енді бас жүлдеге де үмітті.
Көктемгі демалыс күндері конкурсқа қатысушылар Астанаға келіп, бір апта бойы конкурстың соңғы кезеңіне дайындалады. Ал бас жүлдегер 2 сәуір күні «Қазақстан» ұлттық телеар­насының тікелей эфирі ар­қылы көрсетілетін шоуда анықталады.
«Аялаған Астана-2017» байқауының жеңімпазы «Детская Новая волна» халық­аралық байқауында еліміздің намысын қорғау мүм­­кіндігіне ие болады. Үміт­­керлердің өнерін танымал отандық және шетелдік әнші­лерден құрал­ған қа­зылар алқасы бағалайды. Сонымен қатар, халық­ара­лық музы­калық байқау­лар­дың шарттарына сәйкес көрер­мендер де байқаудың жеңімпазын таңдауға қаты­са алады. СМС дауыс бе­ру­дің қорытындысы қазы­лар алқасының шешім­дерімен қосылып саналады.
Бұл байқау бесінші жыл қатарынан өткелі отыр. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі талантты бала­лардың дарынын ашуға ба­ғытталған конкурсқа 7 және 13 жас аралығындағы жеткін­шектер қатыса алады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button