Жаңалықтар

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН – 11 МЕДАЛЬ



Алматы облысы Жаңашар қаласында армрестлингтен Азия чемпионаты өткен болатын. Чемпионатқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түрікменстан, Моңғолия елдерінен 600-ден аса спортшы қатысты.

Азия біріншілгі спортшылар мен мүмкіндігі шектеу­лі спортшылар арасында өтті. Спортшылар елорданың қоржынына алты алтын, бір күміс жүлдені жеңіп алса, мүмкіндігі шектеулі спортшылар тағы екі алтын және екі күміс жүлдемен толықтырды.

Айта кетсек, аталмыш чемпионат жыл сайын өтеді. Ал Нұр-Сұлтан қаласында пара-арм­рестлинг жаңадан ашылған спорт түрі болғандықтан, бұл – біздің спортшылардың алғашқы Азия чемпионаты.

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінде» армрестлинг бойынша секция ашылды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button