Жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ



Сарыарқа ауданында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлерге азық-түлік себеттері таратылды.

«Сарыарқа ауданында жаз басталғалы жәрмеңке өтуде. Жәрмеңке орналасқан маңайда әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың және зейнеткерлердің бар екенін байқадық. Осы ретте, ҚР Конституциясы күні қарсаңында 40 отбасыға азық-түлік тараттық. Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын жалғастырамыз деген ойдамыз» деді жәрмеңке ұйымдастырушысы Айтуған Күзербаев.

Жалпы Сарыарқа ауданында бағасы арзандатылған азық-түлік жәрмеңкесі демалыс күндері өткізіледі. Жәрмеңкеден Сарыарқа ауданындағы әлеуметтік аз қамтылған саудагерлерге сауда орны тегін беріледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта Сарыарқа ауданының Агроқалашық елді мекенінде азық-түлік жәрмеңкесін ашу жоспарланып отыр.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button