Жаңалықтар

Бабадан жеткен бағзы әуен



13052313316822web

Мерейлі мереке аясында   «Астана-Арқау» атты  түркі музыкасы фестивалі өтіп, оған алыс-жақын елдерден келген түркі халықтарының 500-ге жуық  дарынды өнерпаздары қатысқан ғажайып кеш болды.

Тамыры бір түркі жұртының бүгінгі өнерлі ұрпақтарының басын қосқан думанды шарада көрермендер өте сирек кездесетін музыкалық аспаптармен күй шертіп, ән салған өнерпаздарды тамашалап, бабалардың байырғы әуезіне елтіп, бір сазды күйге бөленгендей әсерленді.
Биылғы фестивальға бүгінгі таңда саны азайып қалған түркі халқының өкілдері де қатысты. Дәлірек айтқанда, солтүстіктегі түркі жұрты саналатын долғандар елінен келген өнерпаздар болды. Қазіргі шақта таймырлық түркі-долғандар саны 5000 адамнан аспайды.
Айтулы шарада бір байқағанымыз, ежелден қаны мен жаны бір түркі жұртының өнері де бір-біріне егіз тамшыдай ұқсас екен. Тіпті, анау айтарлықтай айырмашылықта жоқ. Әр елдің музыкалық аспабының да үні әуезді, әсерлі шығып, көрермендері көркем күйге бөлей білді.
-Бүгінгі мереке әдейі Алматыдан келіп, қатысып отырмын. Әсіресе, маған түркі тілдес халықтарының басын қосқан фестиваль қатты ұнады. Біле білсек, бұл шараның мән үлкен. Және жұрттың бәрі осы түркілік сарында айтылған ән мен күйді қызығы тыңдағанын байқадым. Бұл біздің бұрынғы бабаларға деген құрметіміздің, сағынышымыздың белгісі деп ойлаймын,-дейді дәстүрлі әнді Нұржан Жанпейісов.

Азамат ЕСЕНЖОЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button