Басты ақпаратЕлорда тынысы

Байқоңыр ауданының белесі



Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Астана қаласының 25 жылдығы мен Байқоңыр ауданының 5 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, қалалық мәслихаттың төрғасы ­Ерлан Каналимов және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Елорданың ең жас ауда­нында бес жылда атқарылған шаруа аз емес. Тұрғындар саны да күн санап өсіп келеді. Оларды жарықпен, сумен, жылумен, газбен қамтамасыз етуде іркіліс жоқ. Әсіресе, шет аймақты дамытуға барынша көңіл бөлінуде. Инфрақұрылымды қалпына келтіру және дамыту, экономикалық әлеуетті арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды істерге тоқтала келе, аудан әкімі алдағы жоспарларымен бөлісті.

Мерекелік іс-шара барысында Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов аудандағы көпбалалы бір топ анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс­таса, Байқоңыр ауданының бірінші әкімі, қазіргі таңда Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан белсенді азаматтарға қала әкімінің Алғыс хаттарын тапсырды. Сондай-ақ үздік сала мамандары Байқоңыр ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button