Жаңалықтар

БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА КЕНЕЛДІ



Кеше Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасында балалардың медициналық, білім беру және әлеуметтік мекемелерінің он басшысына жаңа медициналық және инновациялық қондырғылар алуға сертификаттар табысталды. Салтанатты шара «Шеврон» компаниясы мен «Аяла» жеке қайырымдылық қоры жүзеге асыратын жыл сайынғы қайырымдылық акциясы ауқымында өтті.

– Жергілікті денсаулық сақтау орындарын қолдап, салауат­ты өмір салтын насихаттайтын бағдарламалар – «Шеврон» компаниясының әлемдегі ғана емес, Қазақстандағы ин­вестициясының бір бөлігі, – деді компания өкілі Лейла Айтмұханова.
Әлеуметтік жоба негізінде биыл «Шеврон» компаниясы №3 перинаталды орталық, №1 және №2 балалар емханалары, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, №23,
№22 және №64 балабақшалар, интеллектуалды ауытқушылығы бар балаларға арналған мектеп-интернат, балалардың жүйке аурулары медициналық-әлеуметтік мекемесі, «Дос» тәуелсіз өмір мүгедектер ор­талығы үшін арнаулы бөлмелер дайындап, жаңа медициналық құрал-жабдықтар, техника, жиһаз сатып алды.
Аталған компания алғашқы күннен бастап Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп қалалық медициналық, білім беру және әлеуметтік мекемелеріне материалдық көмек көрсетіп келеді. Қор қызметінің негізгі бағыты – балалар емханалары мен білім беру мекемелеріне: ауруханаларға, емханаларға, перзентханаларға, шипажайлар мен сауықтыру орталықтарына, балалар үйлеріне, мектеп-интер­нат­тарға қол ұшын созу.
Іс-шара барысында жас эстрада әншілері өнер көрсетіп, соңынан осы әлеуметтік акция аясында жабдықталған №2 қалалық емхана ғимаратының тірек-қимыл мүшелері бұзылған және тілі кеш шыққан балаларға арналған «Релакс» сенсорлық бөлмесі таныстырылды.

Жұма ҒАЗИЕВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button