Жаңалықтар

Балдырғанды оқуға бейімдейді



ERA_7027

Биыл он жеті мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттайды деп хабарлайды Астана қаласының Білім басқармасы. 

1 қыркүйек – Білім күні елорданың барлық мектептерінде салтанатты жиналыстар өтеді. Қазір Астанада 88 жалпы білім беретін мектеп бар. Үстіміздегі жылы 5 075 орындық
5 мектеп пен 1050 орындық 2 жапсаржай ашылады.
Жақында бүлдіршіндерді оқуға дайындауға бағытталған «Бал­дырғандар мектебі» жұмыс істей бастады. Ол әр мектептің жанынан ашылып, балалардың сабаққа ынтасын арттыруға, мектептегі оқу жағдайына бейімделуге көмектеседі.
«Балдырғандар мектебі» 1 маусымнан бастап дүйсенбіден жұмаға дейін күніне 3 сағаттан оқытады. Сабақтардың ұзақтығы – 25-30 минут. Бір топта 15-20 бала оқиды. Сабақ 10 күн бойы өтеді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button