Мәдениет

Бас жүлде – Астана кубогы



Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде жасөспірімдер (2006-2007, 2008-2009 жылы туғандар) арасында Астана қаласының ашық чемпионаты басталды.

Жылды қорытындылайтын бәсекеде жас атлетшілер 9 сайыс түрінен, 1 эстафета бойынша бақ сынады. Оған, Астана қаласынан бөлек, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысынан 180-ге тарта спортшы келді.

Үздік үштікке енген спортшылар Астана қаласының командасына іріктеліп, республикалық, халықаралық турнирлерге қатысуға жолдама ала алады.

Жарыс қорытындысы бойынша қыз­дар арасында 50 м ұзындыққа секіруде бірінші орынды Айдана Аяпова еншілесе, екі мен үшінші орынға Дарья Рында мен Анна Мищенко жайғасты. Дәл осындай қашықтықта ұлдар арасында үздіктер анықталды. Жүлдегерлер қатарынан Руслан Курманалиев (1-орын), Михаил Вовченко (2-орын), Артур Загорский (3-орын) көрінді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button