Мәдениет

Түрік тарихын түгендеген

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында араб, парсы және шағатай тілдерінің маманы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Түріктану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Зәріпбай Оразбайдың «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер (еңбектер жинағы)» кітабының таныстырылымы өтті.

Салтанатты жиынға белгілі ғалымдар Серік Негимов, Қойшығара Салғараұлы, Қайрат Сақ, Амангелді Құрмет, Ақеділ Тойшанұлы, Нәпіл Базылхан, Орынбасар Лестаев, Өмірәлі Көпбаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Ержан Исақұлов және т. б. зиялы қауым өкілдері мен ЖОО-ның тарихшы магистранттары мен докторанттары қатысты.

«Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» деп атауымның себебі еңбекте Түрік атамыздың тарихы қамтылды. Түрік атамыздың ең алғашқы қонысы – қазіргі Алатау мен Қаратаудың баурайындағы Сайрам мен Талас қалаларының екі аралығы. Бұл түркілердің алтын бесігі деуге болады. Сол жерде ұрпағы көбейіп, өсіп-өнді. Одан кейін Түрік атамыздың өзі Еуразия кеңістігінде ұлы көш жасап, Байкал көліне дейін ұрпақтарын қоныстандырды. Балқаш, Ертістің бойын мекендеді. Түрік атамыз Сайрам қаласының орнында жерленді. Ол жерде баласы қала тұрғызғандықтан, Сайрам деп аталып кетті. Сайрам сөзінің мағынасы «тақ мұрагері» дегенді білдіреді. Сол себепті де кітап түркілерден шыққан ең алғашқы әулие Түрік атамызбен байланысты. Әулие «Алланың досы» деген мағынаны білдіреді. Оның ұрпағынан да өте көп әулие шықты. Еңбекте сол әулиелердің бірнеше тарихы келтірілді, – деді жинақ авторы Зәріпбай Жұманұлы.

Жинақтағы негізгі еңбек – Ақтан сопы Құтбтың, хижра жыл санағы бойынша 1142 жылы жарық көрген «Біздің тарих» атты кітабы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button