Мәдениет

Жасампаздық – бәрімізге өнеге

– Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында қоғам мен билік арасындағы диалогты құру, бүкіл Қазақстан халқының топтасуын, елімізде бейбітшілік пен ұлт­аралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды миссия тұр. Ассамблеяның ХХХІІІ сессиясына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы кең ауқымды мәселелер бойынша өз ұстанымын айтып, бірінші кезектегі міндеттерді атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаев елдегі су тасқыны жағдайына өз көзқарасын білдіріп, су апатының зардаптарын жою үшін бюджет шығындарын қысқартуға уәде берді. Оның сөзін келтіре отырып, «елімізде мемлекет қаржысын үнемдеу режимі енгізілетініне» сенімді болуға болады. Шығындардың қысқарғанына Мемлекет басшысының Ассамблеяның ағымдағы сессиясын онлайн форматта өткізу туралы шешімі дәлел. Президент сондай-ақ «су тасқынымен күреске елеулі үлес қосып, нағыз патриоттық танытқан азаматтарға» алғысын білдірді. Патриотизм – әрқайсымыздың бойымызда.

Ал көп жылдардан бері болмаған алапат табиғат апатына қарсы бірлесе күрескен көп ұлтты қазақ еліне деген мақтаныш сезімі баршамыздың жүрегімізді кернейді. Отанымыздың патриоттарының бір жағадан бас шығарып, бірлескен іс-әрекеті қоғамымыздың бірлігі мен ынтымағын көрсететін жалпыхалықтық ерлік деуге болады. Жиында Аналар кеңестері мен Ақсақалдар кеңестерінің қызметін дамыту арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұстанымын «әлеуметтік интеграция мен белсенді патриотизмнің жетекші институты ретінде» нығайту туралы айтты.

Қазақстан Президенті тіл мәселесіне де тоқталып, «осы аса нәзік салада стратегиялық ұстамдылық пен төзімділік таныту» керектігін атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекеттік тілдің сайып келгенде, «ұлтаралық қатынас тіліне» айналатынына сенім білдірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметін атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында сөйлеген сөзінде Атырауда өткен Құрылтай отырысында негізгі құндылықтарымыздың тізбесі айқындалғанын айтты.

Осы құндылықтардың ішінде адамдарға жаңа идеялар мен жаңа мүмкіндіктер беретін Жасампаздықты ерекше атап өткім келеді. Бұрынғы және қазіргі көптеген ұлы адамдар ұлы жасампаздар болды және болып қала береді. Көптеген адамдар олардың есімдерін біледі, олардың туындылары бүкіл ұрпақты шабыттандырады. Осындай көрнекті тұлғалардың мұрасы мен қолжазбаларынан шедевр жасау жолындағы көптеген бағыттарды көруге болады. Өмірде де солай. Жасампаздықтың ортақ ісіне құрметке лайық үлес қосу үшін көп күш қажет. Олар атақты адамдар ма, әлде аты жоқ батыр ма, бәрібір, елдің гүлденуі мен табысты болуы әркімнің өзіне байланысты. Сізге тек өз еліңізге және оның тұрғындарына деген тілек пен сүйіспеншілік қажет.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев «Хикметінде» онсыз өмір сүріп, еңсесі көтеріле алмайтын екі нәрсені айтады. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара халық өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен. Расында, мемлекетте бұқараны басқара алатын басшы болса және халқымен бірге болса, онда ортақ мақсаттарға қол жеткізе алады. Бізде биік мінберінен ауызбіршілікті, жасампаздық пен ілгерілеушілікті жақтайтын, сол арқылы халықтың игілігі үшін қамқорлық жасайтын басшымыз  бар. Халқымыз ел бірлігін, бейбітшілік пен келісімді сақтауға және нығайтуға бар күш-жігерін салып, оны қолдап, биік сана, толеранттылық, отансүйгіштік, түсіністіктің үлгісін танытады деп сенемін.

Тамара ШИРМЕР, астаналық

«Оберег» украиндар бірлестігінің басшысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button