Мәдениет

Алтын Алтай – әуені

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің әртісі, Мәдениет саласының үздігі Шығыс Маханның «Алтын Алтай – әуенім» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеш иесі Қытайдың Үрімжі қаласындағы «Көркем өнер» колледжінде оқыды. Ұлттық фольклорды насихаттайтын бағдарлама аясында оның орындауындағы «Жылып өткен дүние», «Жылқысын жау айдаған жалғыз жігіт», «Ертіс толқыны», «Тәттім сылқым», «Сары бел», «Ботасын аңсаған боз інген», т.б. сыбызғы күйлері «Қазақ» радиосының «Алтын қорына» енді.

Шығыс Маханның ұлт аспаптар ансамбльдеріне, жеке сыбызғыға және панфлейтеге арналған әндер, күйлері бар. Атап айтқанда, «Аңсау», «Ақ тулы Қожаберген батыр», «Аллажар», «Аққу арман», «Алтай асу», «Астана түні», «Үкілі қыз», «Ауылға сағыныш», «Сары бел», «Қайтқан жаз», «О, Муза!», «Тау сағындым», «Сол дәурен», «Ақ тілек», «Сағынғанда Өр Алтай», «Қайран жастық», «Көктемді аңсау», «Асыл еркем», «Өмір-ай, өмір!», «Асау Қыран – Сарысүмбе!» болып жалғаса береді.

Концерт Кожаберген батыр Жәнібекұлының рухына арналды. Кеште Шығыс Маханның «Қожаберген батыр» атты әні орындалды. Кешке филармонияның эстрадалық, классикалық вокал және халық әні бөлімінің әншілері, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Alem» заманауи би балеті және шақырылған қонақтар Нұржан Жанпейісов, Құрманбек Әлімғазыұлы, Ерлан Рысқали, Сәкен Әлімхан қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button