Басты ақпарат

Баспана жастардың әлеуметтік жағдайын шешеді



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде көптің көкейінде жүрген мәселесінің шешімін айтты. Бұл туралы Қазақстанның студенттер Альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев мәлімдеді.


Оның айтуынша, баспана мәселесі жас отбасылар үшінде өзекті. Бүгінгі бастама жастардың әлеуметтік ахуалына да оң ықпал етеді.
Үкімет «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы  40 мыңға жуық пәтер салуды бастайды. Ол жалға беру  жүйесіндегі пәтерлер болады және әлеуметтік аз қамтылғандарға арналады. Бұл үшін 7 жыл бойы жыл сайын 50 млрд теңге бөлінеді. Елбасы көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін тұрғын үй несиесін тұрғын құрылыс жинақ банкі арқылы 3-5 пайызбен беруді тапсырды.
Баспана – бұл мемлекеттің әлеуметтік жағдайының, материалдық-қаржылық ахуалының белгісі. Егер баспана мәселесі оң шешімін тауып жатса, елдегі барлық әлеуметтік проблемалардың түйіні шешіледі. Елбасы халықтың сұранысын біледі. Оны зерттеп, зерделеу осындай маңызды шешім шығарып отыр. Жаңа үкімет осы міндетерді сапалы орындайды деп сенеміз.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button