Мәслихат

БЕСІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!



2014 жылдың 7 қарашасында сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) бесінші шақырылымдағы  Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессия­сы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы «Астана қаласының әлеуметтік маңызды бағыттарының тізімін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  2. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы;
  3. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы «Астана қаласы әкімдігі жанын­дағы тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 жел­тоқсандағы «Астана қаласы әкімдігінің жанын­дағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемле­кеттік бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында салынған қолжетімді тұрғын үйді сату жөніндегі комиссияның құрамы
    туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы «Астана қаласы әкімдігінің жанын­дағы «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы шеңбе­рінде тұрғын үйді сату жөніндегі тұрғын үй комис­сиясының құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Қалалық мәслихат депутатының өкілеттерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

Анықтама алу үшін телефондар: 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37.

С.ЕСІЛОВ,

Астана қаласы мәслихатының хатшысы




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button