#Жаңа ҚазақстанБасты ақпарат

Білім беру жүйесі жетілсе, ел ілгері басады



Білім саласы Мемлекет басшысының үнемі басты назарында. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана дарынды және зиялы азаматтар шоғырланған орталыққа айналуға тиіс деп есептейді. Бірақ бұған кедергі болып отырған жайттар бар. Соның бірі – ­балабақшадағы және мектептегі орын тапшылығы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында «Жайлы мектеп» жобасы аясында елімізде 400-ге жуық мектеп салынатыны туралы айтты. Себебі елімізде демография­лық өсімнің ұлғаюына байланысты, мысалы, 2027 жылға қарай Қазақстанда мектеп жасындағы балалар саны 5 млн-ға дейін артады десек, сәйкесінше, білім алатын мекемелердің көбеюі заңды да.

Былтырғы Жолдауында да Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты қандай өзгерістер болатынын айтқан еді.

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек» деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде де білім саласына қатысты міндеттер қойды.

– Білім сапасын, әсіресе, орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет. Білім беру саласында ұстаз – ең басты тұлға. Оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра беруіміз керек. Алайда мұғалімдердің, директорлардың және педагогикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі ұлттық біліктілік емтиханынан өте алмады. Маған кейбір тәжірибелі ұстаздар тиісті министрлік дайындаған тапсырмалар тым күрделі деп шағымданды. Бәлкім, оны жеңілдету, жетілдіру керек шығар. Бұл салада қатып қалған қатаң ереже болмауы керек. Бірақ негізі ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуға тиіс. Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет, – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Орын тапшылығы қашан шешіледі?

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қаирбаеваның айтуынша, Президенттің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің 2026 жылға дейінгі оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру бөлігінде берген тапсырмасын орындау мақсатында мына жұмыстар атқарылып отыр:

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада 2025 жылға дейін 44400 оқушы орнына (бір ауысымда) 24 мектеп салу жоспарланған, оның ішінде:

* барлық мектептің құрылысы 2023 жылы 2024-2025 жылдары аяқталады деп күтілуде.

Елордалық білім беру мекемелерінің оқушылары Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Болгария, Венгрия, Кипр, АҚШ, Бразилия, Португалия, Колумбия және т. б. елдерде өткен халықаралық интеллектуалдық олимпиадаларда табысты өнер көрсетті: 273 оқушы халықаралық рейтингтік олимпиада­лар мен ғылыми олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанды. 139 медаль, оның ішінде 26 алтын, 37 күміс, 76 қола медаль (орындалу сапасы – 51 пайыз) иеленді

* «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен мектептер салу жоспарлануда.

Сондай-ақ Құрылыс бас­қармасымен бірлесіп, жер учаскесінің, инфрақұрылымның болуы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жоба шеңберінде жаңа мектептердің құрылысы бойынша деректерді жинау жүзеге асты және Астана қаласын дамытудың бекітілген бас жоспарына сәйкес, қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша жаңа мектептің құрылысына жобалау-іздестіру жұмысын жүргізуге бастап­қы рұқсат беру құжаттары пысықталуда.

Жалақы өсті, нәтиже қандай?

Жыл сайын тәрбиеші мен педагог жалақысының 25 пайызға өсуі – еңбек нарығының көрсеткіші. Әр баланың білім деңгейін мазмұндық пән ғылымдар негізінде әр пән мұғалімі игертеді. Білімнің мазмұндық сапасының өсуіне педагог өлшеусіз қызмет етеді. Оны диагностикалық, жиынтық, тоқсандық көрсеткіштер арқылы бақылап, білуге болады. Мұғалімдер баланың зейіні мен қабілетіне күнделікті қалыптастырушы бағалау жүргізеді. Баланың бейініне берілген білім сабақ сайын анықталып отырады. Сол себепті педагог еңбегінің бағалануы білім сапасына қосар үлесінің зор екенін білдіреді.

Балабақша бәріне жете ме?

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде балабақшалардағы әр топ ­перспективалық жоспар аясында балалардың қызығушылығын, жеке ерекшелігі мен қажеттілігін ескере отырып, әр баланың әлеуетін барынша ашуға және нәтижеге бағытталған жұмыс істейді. Сонымен қатар әр тәрбиеші апта көлемінде орындаған жұмысы бойынша циклограмма және әр баланың жеке даму картасын толтырып, баланың қызығушылығы бойынша өзі таңдаған әрекет түрін ұйымдастырады.

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Соңғы жылдары 3 балабақша салынды. Мысалы, 2022 жылдың желтоқсан айында қарқынды дамып келе жатқан ауданда №98 «Мирас» мемлекеттік балабақшасы ашылды (Есіл ауданы, Күлтегін көшесі). Балабақшаның сыйымдылығы 300-ге жуық орынды құрайды. Сонымен қатар балабақшалардың құрылысына жеке қаражат та тартылуда. Жекеменшік балабақшаларға қосымша орындар ашу үшін мемлекеттік тапсырыс бөлінген. Мәселен, 2023 жылы жекеменшік балабақшаларға 8 мың орынға қосымша мемлекеттік тапсырыс беру, сол арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру жоспарланған.

Әрбір жекеменшік балабақша, біріншіден, жеке кәсіпкер ретінде ашылады, яғни өз қызметін ақылы көрсетеді. Сондықтан да кәсіпкерлер, сапалы білім берумен қатар, балалардың қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар балаға қолайлы жағдай жасауға міндетті. Алайда жауапкершілік танытқан кәсіпкерлермен қатар, әрине, барлығы емес, кейбір кәсіпкерлер өз қызметін мемлекеттік органдарға білдірмей көрсетеді. Ондай фактілер тек қана әлеуметтік желілерге шыққан кезде анықталады.

Дарынды балаларды қолдау қалай?

Қазіргі уақытта дарындылықты ерте анықтау және дамыту мәселесінің өзегі мен маңызы артып келеді. Бұл дарынды балалар санының өсуіне және мемлекетте болып жатқан әлеуметтік-­экономикалық өзгерістерге және дарынды балаларға назардың артуына байланысты. Дарынды балаларды ерте анықтау, оқыту және тәрбиелеу – орталық жұмысының перспективалық бағытының бірі.

Орталық мектепке дейін­гі мекемелердің тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары үшін бірқатар іс-шара өткізеді. Атап айтсақ, «Жұлдызды жол» олим­пиадасы, «Елорда еркетайы» шығармашылық байқауы, «Бестемше» спорт жарысы, 2-7-сынып оқушыларына арналған «Зерде» қалалық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы, 2-4-сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада, 4-сынып оқушыларына арналған қалалық «Бала Абай» шығармашылық конкурсы, 3-5-сынып оқушыларына арналған қалалық «Scratch – бағдарламалау» зияткерлік-шығармашылық сайысы, 2-4-сынып оқушыларының қалалық «Әдебиет әліппесі» оқулары, 3-4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математика олимпиада­сы. Жыл сайын 7-8-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасын, 5-6-сыныптар арасында республикалық пән олимпиадасын, 5-7-сынып оқушыларына арналған қалалық «Құтты білік» оқулары, 5-6-сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын сақа» математика олимпиадасы және т. б. өткізеді.

Жоғары сынып оқушылары үшін республикалық деңгейдегі президенттік және лингвистикалық олимпиадалар, жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық ғылыми жобалар байқауы, қалалық және республикалық «Абай оқулары», «Ақселеу оқулары», «Қадыр оқулары», «Мағжан оқулары», сонымен бірге «Абай әлемі», «Менің кіші Отаным», «Моя инициатива – моей Родине», халықаралық STEM олимпиадасы, робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament» республикалық турнир және т. б. конкурстар өтіп отырады. Сондай-ақ орталықтың серпінді жобалары қатарына жататын 3 ірі зияткерлік іс-шара бар.

Өткен жылы елорданың олимпиадалық құрамасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада рекордтық медаль жеңіп алды – біздің команданың қоржынында 93 медаль: 24 алтын, 29 күміс және 40 қола медаль бар. Астана құрамасы жыл сайын «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алады.

Елордалық білім беру мекемелерінің оқушылары Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Болгария, Венгрия, Кипр, АҚШ, Бразилия, Португалия, Колумбия және т. б. елдерде өткен халықаралық интеллектуалдық олимпиадаларда табысты өнер көрсетті: 273 оқушы халықаралық рейтингтік олимпиадалар мен ғылыми олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанды. 139 медаль, оның ішінде 26 алтын, 37 күміс, 76 қола медаль (орындалу сапасы – 51 пайыз) иеленді.

Астана қаласының 18 олимпиадашысы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамына кірді.

Ұлттық жоба қалай жүргізілуде?

Мектеп салуға 158 жер учаскесі белгіленді. Жер телімдері қаланың барлық ауданында әлеуметтік нысандарға қажеттілік ескеріле отырып орналастырылған. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына әр ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы жөнінде арнайы бағыт бекітілді.

Мәселе толығымен қашан шешіледі?

Үш ауысымдық және бала саны шамадан тыс мектептердің санын азайту мақсатында ағымдағы оқу жылында 11 мектеп салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда оның үшеуі пайдалануға берілді. Осы оқу жылында тағы 8 мектеп пайдалануға беріледі. Бұған дейін (2019 жылдан бастап) Астанада 36 мектеп салынған болатын. Мектеп құрылысына жеке қаражат тарту көзделген.

Келесі оқу жылында 13 мектеп салу жоспарлануда. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мың оқушыға арналған (2 ауысымда) 24 ірі мектепті жобалау басталды. Жаңа форматтағы мектептердің құрылысы биыл басталады. Яғни үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі толығымен 2025-2026 жылдары шешіледі деп межеленген.


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button