Жаңалықтар

Бір тәулікте екі мың текше метр су сорылды



20150611112414

Түске дейін күн аптап ыстық болып тұрып, түстен кейін нөсерлете жауын жауатынына елорда тұрғындары бой үйрете бастағандай. Тіпті, үш сағат толассыз жауған жауыннан кейін автокөліктері суда қалып немесе судан өтемін деп нөмірлерін жоғалтқан жүргізушілерді де кездестірдік.

Жақында бір апта бойы аптап ыстықтың соңынан жауған жаңбырда елорда аумағынан бір тәулік ішінде екі мың текше метрге жуық су сорылды.
Өткен тәулікте жаңбыр суын сору жұмыстарына 40-тан аса арнаулы техника тартылыпты.
Ауа райын болжаушылар «бүгін елордада күн ала бұлттанып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреуі ықтимал. Ауа температурасы күндіз +24+26°С, түнде +16+18°С болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді» деп отыр.
Ал, «ертең Астанада ауа райы жақсарады, күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +28+30°С, түнде +15+17°С-қа жетіп, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады» деген болжам жасайды.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button