Жаңалықтар

БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ



Нұр-Сұлтанда алғаш рет №2 қалалық көпбейінді аурухана базасында белгілі мәскеулік дәрігер Олег Сапельников аритмология бойынша мастер-класс өткізді.

Мастер-класс аясында елордалық дәрігерлер Мәскеудегі әріптестерімен бірге жүйе ырғағының күрделі бұзылуы бойынша үш ерекше ота жасады. Операциялар Boston Scientific (АҚШ) компаниясы шығарған «RYTHMYA HDX» навигациялық жүйенің көмегімен жүзеге асырылды. Бұл жүйе ТМД елдерінің аумағындағы жалғыз жүйе саналады. Медициналық аппарат жүрек ырғағының күрделі бұзылуларын жоғары тиімділікпен жоюға мүмкіндік береді және рентгенді пайдалануды азайтады. «Біз 43, 53 және 59 жастағы үш науқасқа операция жасадық. Операциялар 2-3 сағатқа дейін созылды. Олар аз инвазивті және пациенттер үшін оңалту кезеңі іс жүзінде қажет емес. Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы тұрақты, оларды жақын күндері шығару жоспарланып отыр» деп түсіндірді интервенциялық кардиология және аритмология бөлімінің аға ординаторы Т.Есенов.

Өз кезегінде пациент Н.Иванникова дәрігерлерге үлкен еңбегі мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді. «Тәжірибелі дәрігерлердің оқуды тоқтатпайтынына және оқудан ұялмайтынына ризамын. Мұндай мастер-кластар өте маңызды. Үйренуге ешқашан кеш емес. Осындай бақыт маған бұйырып, операция жасалды. Барлық дәрігерге алғысымды білдіргім келеді» деді науқас.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button