ЖаңалықтарҚала мен Сала

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ БОЛАДЫ



Астананың сол жақ жағалауындағы 100 гектар аумақта ботаникалық бақ пайда болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығына «Астана Көгалдандыру» АҚ өндірістік мәселелер жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Бектемісова хабарлады.

16251560_1911942309092693_1854967481220049462_o-kopirovat

Қабанбай батыр даңғылында орналасатын ботаникалық бақтың құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Қазіргі таңда көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Бұл жерде жабық оранжерея, жасанды су тоғаны, жүгіру мен велосипедке арналған жолдар болады. Оранжереяда экзотикалық өсімдіктер және пальманың 55-ке жуық түрлері өсіріледі» дейді Б.Бектемісова.

Сонымен қатар, Астананың климаттық жағдайына сай ағаштар мен бұталардың жаңа түрлерін өсіру мен баптауға байланысты түрлі тәжірибелер өткізіліп, оқу-ағартушылық және экологиялық шаралар арқылы ботаникалық бақ ғылыми зертханаға айналмақ. «Жыл соңына дейін ботаникалық баққа 35 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстанда ешқашан өсірілмеген Еуропадан 600 түп ағаш түрлері әкелінеді» дейді Бектемісова.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button