Ел тынысы

Бүгін аутизм мәселесіне назар аударту күні



1 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осы датаға орай Астана қаласында «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» атты қалалық іс шаралар апталығы басталды.
Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес 2008 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Аутизм проблемасының маңыздылығы халықаралық деңгейде танылды. Бүкіл әлемде балалар саны жыл сайын артып келеді. ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде 160 баланың біреуінде AСБ бар.
Бүгінгі таңда елорданың балалар саны 500 мың адамды құрайды. Статистикаға сәйкес, эмоционалды саласы бұзылған балалардың саны бүгінгі күні 3479 баланы құрайды, ал өткен жылымен салыстарғанда олардың саны 2899 баланы құрады.
Білім басқармасы осындай санаттағы балаларға жағдай жасау бойынша барлық шараларды қабылдауда.
Қазір таңда 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы, 29 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді және екі аутизм орталығы жұмыс жасайды.
Дәстүр бойынша 1-5 сәуір аралығында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Атап айтсақ білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған конференциялар, оқыту семинарлары, Ашық есік күндері, ата-аналарға арналған кеңестер. Толық мәліметті сілтеме арқылы қалалық Білім басқармасының әлеуметтік желісіне өтіп білуге болады.
Іс-шаралардың мақсаты-аутизммен ауыратын балаларға, олардың отбасыларына көмектесу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігіне қоғамның назарын аудару.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button