Елорда тынысы

«Бүкір» көпірден ақау шықты



Әлеуметтік желіде елордадағы Алаш тасжолында орналасқан көпірдің жарылғаны туралы ақпарат тарады. Осы оқиғаға қатысты Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы түсінік берді. 13 қаңтардан бастап Алаш тасжолындағы Ш.Уәлиханов ­көшесі жағындағы (сол жағы) көпірдің жабылғаны туралы хабарлады.

«Бұған дейін Алаш тасжолындағы көпір апатты деп танылған болатын. Осыған байланысты оның оң жағы жөнделіп, қозғалыс 2022 жылдың жазында ашылған. Ал жөнделмеген сол жақ тұсында асфальтбетон жабынының ішінара деформациясы пайда болды. Осыған байланысты биыл 13 қаңтардан бастап техникалық тексеру жүргізу үшін жол өтпесінің сол жағында көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Қозғалыс көпірдің тек оң жақ бөлігімен ғана әрі екі бағытта да қамтамасыз етіледі. Елорда тұрғын­дары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс туғызбас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз» делінген Көлік басқармасының хабарламасында


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button