Елорда тынысы

Бұзақылықтың алдын алады



Кеше елордалық үкіметтік емес ұйым өкілдері, ардагерлер мен еріктілер бірлесіп, вандализмге қарсы акция ұйымдастырды. Оның өтуіне бүгінде қоғам мен мемлекет меншігіндегі басқа да мүліктердің сыртына таңба, сурет салу, шимайлау, лас нәрсе жағып кету әрекеттерінің тоқтамауы себеп.

Акция аясында «Астана Жастары» КММ-нің еріктілері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында вандализмге қарсы «Қаланың келбетін сақтайық!», «Бастаманы қолдайық!», «Астана – біздің ортақ үйіміз!», «Қалада вандализмге жол жоқ! Елде вандализге жол жоқ!» жазуы бар 200-ден астам постер таратты.  Күнделікті өмірде тұрғын үй сыртынан бастап түрлі жазулар таңбаланған қоғамдық мүліктерді жиі кездестіреміз. Мұндай әрекет елорда көшелеріне көрік беріп тұрған өнер, мәдениет туындысы мен тарихи ескерткіштерге де қасақана жасалады. Бүгінде қоғам мен мемлекет меншігіндегі басқа да мүліктердің сыртына таңба, сурет салу, шимайлау, лас нәрсе жағып кету әрекеті тоқтамай тұр. Науқанға қатысқан Ауған соғысының ардагері Мейрамбек Түлекбаевтың сөзінше, қазіргі таңда жастардың бос уақыты көптігінен олар көше бұзақыларына айналған.

– Соңғы кезде вандализм жағдайы ушығып кетті. Ең алдымен жастарды қаламыздың көркін сақтауға шақырамын. Мемлекет ескерткіштер мен  көрнек­ті орындар жасау үшін көп ақша бөледі. Бірақ оларды шимайлап, бүлдіріп кету дұрыс емес. Бұл баланың тәрбиесін көрсетеді. Ата-аналар балаларына осы туралы тәрбие берсе, мұндай бұзақылар азаяды. Қазір кейбір жерлерде бейнебақылау камералары жоқ. Олардың санын арттыру арқылы да бұл дүниелерді бақылауға болады. Бұзақылық неден болады? Әрине, жастардың бос уақыты көптігінен деп айтар едім, – дейді ардагер Мейрамбек Түлекбаев.

Астана қаласының «Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы Әдепхан Ахметов те елорда тұрғындарын қаланы таза ұстауға шақырды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button