Жаңалықтар

Бюджеттік бағдарламалар бекітілді



Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық кеңесінде елорданың 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, Нұр-Сұлтан қаласының құрмет грамотасымен марапаттау ережесін бекіту мәселелерін қарады.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев баяндама жасады. Өз баяндамасында Қайсар Зәкірұлы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайын көтеріп, кеңес мүшелерінің назарына қосымша қаржыландыруды қажет ететін бюджеттік бағдарламаларды ұсынды. Кеңес мүшелері жекелеген салаларды қаржыландырудың оңтайлы тетігін қарастыру жайына тоқталды. Мәселен, кеңес мүшесі Жанат Нұрғалиев спорт саласын қаржыландыруда балалар спортын дамытуға басымдық берілу керектігіне назар аударды.

Кеңес мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының құрмет грамотасымен марапаттау ережесіне қатысты да ойларын ортаға салды. Оны қала әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Жаңасыл Шаукентаев таныстырды.

Отырыста қаралған барлық мәселелер бойынша кеңес мүшелерінің тиісті ұсыныс­тары назарға алынып, бекітілді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button