Денсаулық

Дәрігер кітабы жарық көрді



Елордада дәрігер Нұршаш Нұрмұқанқызының «Инемен емдеудің қыры мен сыры» атты кітабының тұсауы кесілді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ емшілігі мен шығыс медицинасы біздің елге де кіре бастады. Бүгінде елімізде шығыс медицинасы жақсы дамып келеді. Емдеу саласында дәрілік шөптер, ине салу және массаж жасау жиі қолданыла бастады. Емдеудің бұл әдістерінің кеңінен таралуына шетелден келген ағайындардың үлесі зор.

«Инемен емдеудің қыры мен сыры» – Нұршаш Нұрмұқан­қызының ұзақ жылдық емдеу саласындағы жинақтаған білімінің топтамасы ғана емес, инемен емдеудің жалпы теориялық ілімін түсіндіретін оқулық іспетті. Сондай-ақ бұл еңбек елімізде инемен емдеудің қазақ тіліндегі теориялық негізін қалыптастыруға да септігін тигізеді.

Екі бөлімнен тұратын бұл кітаптың алғашқы тарауында автор ине салатын нүктелерді таныстырса, екінші бөлімде үнемі кездесетін ауруларға ине салудың әдісін қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндірген.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button