ЖаңалықтарМәдениет

«ДАЛА ДАУЫСЫ» ҮЗДІКТЕРДІ ТАҢДАДЫ



дала дауысы 1

Жақында елордада «Дала дауысы» радиофестивалінің гала концерті өтті. Мұнда музыка арқылы қазақ тілі дүниежүзіне насихатталды.

Фестивальда  шет елдік үміткерге қазақ әнін орындау немесе өз хал­қының әнін қазақ тілінде орындау талабы қойылған. Ондағы ой –  қазақ әнін шетелдіктерге орындату арқылы ұлттық музыкалық және поэтикалық тілдің өрісін кеңейту.  «Дала дауысы» – тек қана радиофестиваль емес, беделді музыкалық шеру. Қа­зақ радиосының миллиондаған тыңдармандары интернет арқылы сүйікті әндеріне дауыс беріп, жеңім­паздар анықталды.

2012 жылғы бірінші «Дала дауы­сына» екі мыңдай адам сайт арқылы дауыс берсе, 2013 жылы елу төрт мем­лекеттен миллионға жуық тың­дарман дауыс берген. Өткен екі жылда халықаралық «Дала дауысы» радиофестиваліне Қазақстан, Түркия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстаннан екі жүзден аса әнші қатысып, лаурет атанды.

Биылғы «Дала дауысына» қа­тысуға ниет білдірген орын­даушылардың қатарында Ресей, Қытай, Армения, Латвия, Беларусь, Қырғызстан мемлекеттерімен қатар, отандық танымал әншілер Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Құрмаш Маханов, Шахиризат Сейдахмет, Әли Оқапов, Нұрғали Тұрлыбеков, Гүлмарс Аманбаева, Ардақ Исатаева және «Формат» пен «Заман» топтары сынды үміткерлер және бірқатар жаңа есімдер болды.

Жобаға қатысуға ниет білдірген жүз орындаушыдан жиырма әнші «Дала дауысы» ІІІ халықаралық радиофестивалінің лауреаты атанды.

Радиофестиваль жеңімпаздары «Дәстүрлі ән» және «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық ән және этноэстрадалық ән», «Жаңа есім» аталымдары бойынша марапатталып, оларға «Дала дауысының» арнаулы статуэткасы мен дипломын еліміздің өнер және мәдениет, қоғам қайраткерлері табыстады.

 

Жұма ҒАЗИЕВ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button