Жаңалықтар

Демеуші болған депутат



Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Талғат Қожахметов «BI Group» компаниясымен бірлесіп, Сарыарқа ауданында орналасқан медициналық нысандарға және №6 қалалық емханаға 100 оттегі концентратын табыстады.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы күнделікті оқып, хабардар болып отырамын. Өкінішке қарай, дәрігер емеспін. Дәрігер болсам алдыңғы шепте еңбек етіп, науқастарды емдеуге жәрдем берер едім. Өз қолыммен емдей алмасам да, дәрігерлерге басқа жолмен көмек беретін мүмкіндігім болғанына қуанамын» деді мәслихат депутаты Талғат Қожахметов.

Қазіргі уақытта ауыр науқастардың көбінің өмірі тікелей осы аппаратқа байланысты болып отыр. Тыныс алу аппараттары қажеттілік танытқан медицина нысандарына таратылды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button