Денсаулық

Денсаулықтың жайын талқылады



Астанадағы №11 қалалық емханада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқы­лау­ға арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Отырысты ашқан емхананың бас дәрігері Жаңалық Сағандықов бүгінгі таңда инновациялық технология­лардың, соның ішінде денсаулық сақтау саласында да қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Жол­дау­да атап көрсетілгендей, бас дәрігер салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсау­лықты басқару ісін күшейту керектігіне тоқталды.
Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселе болып қала беретінін атап көрсетті. Сондай-ақ, корпоративтік басқаруды дамыту, диаг­ностикалау және емдеудің жоғары технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жөнінде мәслихат депутаты Аман Аюпов баяндады.
Бас дәрігердің ана мен бала өмірін қорғау жөніндегі орынбасары Ерлан Мусенов, әсіресе, бала туу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау мен нығайтуға ерекше назар аудару керектігін ескере келе, «Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс» деп атап өтті.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button