Жаңалықтар

ДЕПУТАТТЫҚ МАНДАТТАР БӨЛІНДІ



Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссия­сы 7 пайыздық межеден көп дауыс жинаған үш партия арасында Парламент Мәжі­лісіндегі депутаттық мандаттарды бөлу туралы қаулы қабылдады. Қаулы мәлі­метін Орталық сайлау комис­сия­сының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов жария етті.

Барлық облыстардағы, Астана және Алматы қалала­рын­­дағы аумақтық сайлау комиссия­ла­ры­ның мәліметтері бойынша сайлауда тізімге енген 9 миллион 810 мың сайлаушының 7 мил­­лион 966 мыңы дауыс беруге қатысқан. Соның ішінде, «Нұр Отан» партиясы үшін 6 мил­лион 183 мың 757 адам (82,20 пайыз), Қазақ­станның «Ақ жол» демо­кратиялық партиясы үшін 540406 (7,18 пайыз) адам, Қазақ­стан коммунистік халық партиясына 537123 дауыс (7,14 пайыз) адам дауыс берген. Ал «Ауыл» партиясы үшін 151285 адамның (2,01 пайыз), Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 88813 адамның (1,18 пайыз), «Бірлік» саяси партиясына 21484 адамның (0,29 пайыз) дауысы берілген.

Дауыс беруге қатысқан сайлау­шылардың 7 және одан көп пайыз дауысын жинаған үш партия – «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан коммунистік халық партиясы болып анықталды. Заңға сәйкес, осы үш партия Парламент Мәжілісіне өз кандидаттарын ұсынады. Ал бұл саяси партиялар арасында депутаттық мандаттар келесідей мөлшерде бөлінді: «Нұр Отан» партиясына – 84 мандат; «Ақ Жол» партиясына – 7 мандат; Қазақстан коммунистік халық партиясына – 7 мандат.

astana-akshamy.kz




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button