Елорда тынысы

Депутаттарға алғыс айтты



Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жетінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттарына атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Бұрынғы депутат Назгүл Мақжан бұл жиынның дәстүрлі отырыстан бір ғана айырмашылығы – әріптес­терінің депутаттық белгілерінің жоқ екеніне назар аударды. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек шақырылымның барлық қатысушысына алғысын білдіріп, естелік сыйлық тапсырып, табыс тіледі.

«Шынында да, екі жыл ішінде депутаттар қыруар жұмыс атқарды. Бұл жай ғана сөздер емес. Елорданы дамыту бойынша негізгі құжаттарды қарау, қала тұрғындарымен тұрақты кездесулер, бірқатар нысанға бару, көптеген депутаттық сауал және тағы басқалар. Әрине, өз басым депутат ретінде үлкен тәжірибе жинақтадым, ол менің болашақ қызметімде пайдалы болатыны сөзсіз. Ең бастысы, өз округім – Үркер ауданының тұрғындары арасында, астаналықтар мен әріптестер ішінен көптеген достар мен ниеттестер таптым» деді Назгүл Мақжан.

Ол сайлаушылар бұл жұмысқа объективті баға беретінін қадап айтты.

«Мен депутаттық мандатымды тапсырғаныммен, бұрынғы әріп­тестерімді қайта көріп, «галстуксіз» форматта өткен жүздесуден ұшан-теңіз әсер алдым. Айтпақшы, кейбір әріптестерім келесі шақырылымда өз бағын сынап көруі мүмкін. Болашақ халық депутаттары халықтың сенімін ақтайды және елорданың өмірін жақсарту үшін одан да көп күш жұмсайды деп сенемін» деп сөзін түйіндеді Н.Мақжан.

Жетінші шақырылымның депутаты Азамат Айтхожин алдағы сайлауда өз кандидатурасын қайта ұсынатынын жеткізді.

«Мен үшін Amanat партиясынан Астана қаласының бір мандатты округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына үміткер болу – үлкен жауапкершілік және үлкен мәртебе. Біздің алдымызда көп жұмыс бар. Сайлауалды бағдарлама барысында мен тұрғындардың талап-тілегін, ұсынысын тыңдаймын, проблемалық мәселелерді зерттеуге күш саламын. 19 наурызда өтетін сайлау үлкен өзгерістердің нақты механизмін көрсетеді. Бұл – еліміздегі маңызды саяси процесс, ол бізге дұрыс бағытта дамуға мүмкіндік береді» деді Азамат Айтхожин.

Мәслихаттың бұрынғы депутаты Владислав Сергеев Amanat партиясынан елордалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.

«Мен Астананың №1 округін таңдадым. Оған Оңтүстік-шығыс­тағы тұрғын ауданның оң жағы кіреді, онда екі жыл ішінде көп жұмыс жасалды. Б.Момышұлы даңғылындағы үйлер, сондай-ақ «Хайвил», «Қалалық романс», «Ақбұлақ», «Энергетик» тұрғын үй кешендері және Б.Майлин көшесі мен Тәуелсіздік даңғылындағы кейбір үйлер осыған мысал бола алады. Бұдан да көп жұмыс істелуі керек. Тұрғындардың қолдауымен қаланы жақсы жағына өзгертетінімізге сенімдімін» деді ол.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button