Мәдениет

Домбыра дастаны



Елорда әкімдігінің қолдауымен, қаланың ­Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ЭКСПО алаңында Ұлттық домбыра күніне орай Астананың 25 жылдығына арналған «Домбыра дастаны» мерекелік концерті өтті.

Мерекелік шоу-концерттің мақсаты отандық орындаушылар және елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ұлттық аспапты дәріптеу, жас музыканттар мен домбырa­шылар арасында домбыраның мәртебесін көтеру болды.

«Домбыраның мәртебесі – біздің ұлттық өнеріміздің мәртебесі, ұлтымыздың мерейі. Домбыра ғасырлар бойы қазақ халқының мұң-мұқтажын, қуанышын, ішкі жан дүние­сін жырлап келеді. Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі де халқымыздың домбыраға деген құрметінің бір көрінісі» дейді ұйымдастырушылар.

Концерт бағдарламасының тұжырымдамасы «Домбыраның дастаны: кеше, бүгін және ертең» идеясына негізделген. Мерекелік кеште «HasSak ethno-folk group» этно-­фольклорлық тобы, «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, Мирас Жүгінісов, Ибрагим Ескендір, Мәди Рымбаев, Құралай Мейрамбек, басқа да әншілер мен балалар оркестрі өнер көрсетті.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button