Елорда тынысы

Екі жүз бейнекамера орнатылады



Елорданың Алматы ауданында 200 бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл жөнінде Алматы ауданын бейнебақылау жүйесімен қосымша жабдықтау бойынша өткен жоспарлы кеңесте айтылды.

Қазіргі таңда қиылыстар мен көшелер, тұрғын үй секторының 70%-дан астамы бейнемониторинг­пен қамтылған. Аудан аумағында барлығы 7 925 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның ішінде – 1 800 камера қиылыстарда және үй маңындағы аумақтарындағы адамдар көп жиналатын орындарда орнатылған. Маусымның соңына дейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ауданда тағы 200 камера пайда болады. Жыл басынан бері бейнебақылау жүйесінің арқасында аудан бойынша 158 қылмыс анықталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button