Жаңалықтар

Екпе түрін таңдауға еркіңіз бар



Елорда тұрғындары үшін бүгінгі таңда вакцинаның үш түрі қолжетімді болып отыр. Атап айтқанда, қазақстандық QazVac, қытайлық Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары.

Нұр-Сұлтан қаласында таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істейтін 100-ге жуық егу пункті бар. Халықты коронавирусқа қарсы егу қаланың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия» сауда, ойын-сауық орталықтары мен «Мечта» сауда үйінде жүргізіледі.

Қала тұрғындары қолда бар үш вакцинаның бірін таңдай алады. Егу пункттеріндегі барлық вакциналар жеткілікті мөлшерде бар.

Денсаулық сақтау басқармасы азаматтарға екінші компонентті алуда проблемалық жағдайларды болдырмас үшін екпенің екі кезеңін де бір пункт­те өтуге кеңес берді. «Біз азаматтардан вакцинаның бірінші және екінші компонентін бір пунктте алуды сұраймыз. Мысалы, бірінші дозаны алу үшін сіз белгілі бір емханаға немесе сауда орталығына барсаңыз, екінші дозаны да вакцинация арасындағы аралықты сақтай отырып, сол жерден алуды ұсынамыз» делінген қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 381 мыңнан астам адам алды, ал 300 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button