Басты ақпарат

Елбасы «Алланың гүлі» мешітінде болды



Қасиетті Ораза айы қарсаңында Президент Нұрсұлтан  Назарбаев Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітте болып, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, мешіттің құры­лысы 2016 жылы бас­талған болатын. Бір мезгілде 750 адам құлшылық ете алатын құры­лыс ғима­ратының сәулетшісі – Са­ғындық Жанболатов. Бұл мешіттің жобасы еліміздегі басқа мешіттерден ерекше әрі баламалы энергия көздерінен қуат алады. Осы жолы автор дәстүрден алыстап, мешітті заманауи символизм және авангард стилінде ойластырған. Жаңа мешіттің құрылымы дін талаптарына қайшы келмейді. Осы тәрізді нысандар Малайзия, Германия мемлекеттерінде де бар.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button