Басты ақпаратЖаңалықтар

ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛДІ



АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАТЫН БОЛДЫ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ ЕЛ ҮКІМЕТІНІҢ ТИІСТІ ҚАУЛЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Рес­публикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген қаулыда.
Айта кетейік, көптеген мемлекеттердегі басты әуежайлар сол елдің бірегей басшыларының есімімен аталады. Мәселен, Америкада Нью-Йорк әуежайы Джон Кеннедидің, Әзербайжан астанасындағы халықаралық әуежай Гейдар Әлиевтің, Түркияның Ыстамбұл қаласындағы әуежай Ататүріктің атымен аталса, АҚШ-та тұңғыш президенті Вашингтонның атындағы әуе­жай да бар.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button