Басты ақпаратСаясат

Елбасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады



Кездесу барысында Ж.Қасымбек Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нұрлы жол» және елдің индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуының басты мәселелері, сондай-ақ министрлік қызметінің алдағы кезеңге арналған басым бағыттары жөнінде мәлімдеді.

231520003e17a2f98b582970cfc052e4

Мемлекет басшысы экономиканы дамыту және елімізге тікелей шетел инвестициясының тартылуы үшін қолайлы инвестициялық жағдайлар туғызу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мәселесіне тоқталды.

Инвестициялар және даму министрі жыл соңына дейін 800 шақырымды қамтитын жаңа жол төсемін пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын айтты.

2020 жылға дейін қашықтығы 7000 шақырым Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтау және т.б. бағыттар бойынша автожол құрылысы аяқталатын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

akorda.kz




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button