Қоғам

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ



ЭКСПО көрмесі кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ерікті болып, үш ай бойы қонақтарға экскурсия жүргізген жасөспірімдер марапатталды.

Іс-шара еріктілер дайындаған «Бабалар өсиеті» ­театр қойылымынан басталды. Одан кейін жиналған қауым алдында Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов сөз сөйледі.

– Нағыз патриот деп біздің белсенділерімізді айтуға болады. Үш ай көлемінде елорданың 12 оқу орнынан келген 77 ерікті бізбен бірге қызмет етті. Олар Елбасы кітапханасы экспозицияларын көрсету мен таныстыру арқылы мемлекеттің оң имиджін дамытуға өз үлестерін қосты. Атқарған жұмыстары үшін Елбасы кітапханасының басшылығы мен ұжымы атынан алғыс айтамын, – деді директор орынбасары балаларға қарата сөйлеген сөзінде.
Кітапханада экскурсия жүргізген белсенділер өздерін «Елбасы еріктілері» деп атайды. Жиын барысында олар кітапханада жұмыс істеген кездерін еске алып, алған әсерлерімен бөлісті.

– ЭКСПО сынды тарихи оқиғаның куәгері болғаныма қуаныштымын. Біз үшін Елбасы кітапханасында жұмыс істеу үлкен абырой болды. Біз Назарбаев орталығының қонақтарына экскурсиялар жүргізе отырып, еліміздің тарихы мен қол жеткізген жетістіктері жайлы зор мақтанышпен баяндадық. Үш ай ішінде Елбасы кітапханасына 70 мыңға жуық қонақ келді. Олардың қатарында Германия, Швеция, Украина, Беларусь, Ресей, Қытай және басқа елдерден келген шетелдік туристер бар. Экскурсияны қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілінде жүргіздік. Бізге сенім артқан Елбасы кітапханасының басшылығына зор алғысымды білдіремін, – деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Нұрсила Жұрманова.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button