Жаңалықтар

«ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТТАМА» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ



Кеше Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Астана қаласы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Электронды хаттама» жобасын таныстырды.

Бұдан былай полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған азаматтарға хаттама толтырып, уақыт өткізбейтін болды. Бар болғаны 3-5 минут ішінде құжатыңыздағы ЖСН нөмірін планшетке енгізіп, электронды қолтаңба арқылы айыппұл сала алады.

Дүйсенбіде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен құқық қорғаушыларға электронды хаттаманы толтыруға арналған 50 планшет табыс­талды. Жыл соңына дейін тағы 150 планшет беру көзделіп отыр. Бұған қоса, хаттаманың көшірмесін басып беретін термопринтерлер де бар.Осының арқасында көлік жүргізушілері де, ішкі істер органдары да біржолата қағазбастылықтан құтылатын болды. Электронды хаттаманың айыппұлын интернет немесе банк арқылы төлеуге болады. Алдағы уақытта пост-терминалдар арқылы төлеу қызметін де енгізу жоспарда бар.

– Алда тағы құрылыс, жер қатынастары, ПИК, білім беру, денсаулық сақтау бойынша 20 жобаны іске асыруды қолға алдық. Оның барлығы тұрғындардың мемлекеттік қызметті тез әрі оңай пайдалануы үшін жасалып отыр, – деді қалабасшысы Әсет Исекешев.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button