Жаңалықтар

Электронды карта енгізіледі



ERA_6031

Қоғамдық көлікке арналған электронды картаға суретке түсу рәсімі басталды. Бұл шараны Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Astana LRT» компаниясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Бүгінде Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандары бойынша 25 фототіркеу пункті ашылған. «Суретке түсу де, картаны дайындау да тегін. Бұл карталар электронды жүйе енгізілген соң иелеріне табысталады» делінген қалалық әкімдіктің ресми сайтында.
Жол жүру құнын электронды карта арқылы төлеу қоғамдық көліктегі бірнеше мәселелерді жоймақшы. Бір реттік жол жүру билеттері мен жолаушылар саны жайлы нақты ақ­параттың болмауы, қоғамдық көлік қызметкерлерінің кіріс сомасын жасыруы және ақшалай төлеудің ыңғайсыздықтары енді шешілетін болады.
Астанада 90 мыңнан астам азамат жеңілдікпен жол жүру құқына ие екен. Оларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер, мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алатындар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, студенттер және мектеп оқушылары кіреді.
Фототіркеу тамыз айының соңына дейін жүреді. Суретке түсу үшін жеке куәлікті қоса алып бару қажет. Қосымша туындаған сұрақтарды 57-47-77 нөмірінен біле аласыздар.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button