Жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ПИК – ТИІМДІ ЖҮЙЕ



«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында «Жоғары технологиялардың дамуы» партиялық тәлімгердің комиссиясы аясында «Электронды ПИК» жобасын жүзеге асыру» тақырыбы шеңберінде дөңгелек үстел өтті.

«Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Жаннат Дубирова жаңа жобасының жүзеге асуы туралы баяндама жасады. Аталмыш жобаның тиімділігі мен алдағы уақытта бұдан да жақсарта түсу жоспарда тұрғанын атап өткен ол қазіргі уақытта елордадағы 255 пәтер иелері кооперативтерінің электронды ПИК жүйесіне тіркелгенін тілге тиек етті. «Астана Innovations» АҚ жобаға қатысқан компаниялардың ішінен бесеуін, яғни «Astana Open Sity» ЖШС, «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС, «Retail Solutions» ЖШС, «Smartnet» ЖК, «Cloudmaker» ЖШС компанияларын іріктеп алып, олардың жұмыстарын көпшіліктің пайдалануына ұсынған болатын. Жаннат Дубирова жаңа жүйенің ойдағыдай жүзеге асып жатқанын
жеткізді.
Өз кезегінде Тұрғын үй инспекция­сы басқарма басшысының орынбасары Азамат Әміржанов «е-ПИК» электронды жүйесінің тиімділігі туралы және тұрғындарға қалай таралып жатқаны жайлы баяндады.
– Электронды ПИК жүйесінің тиімді жақтары өте көп. Бұл жүйе­ге жұртшылықтың жаппай көшуі үшін әлеуметтік желілерде жарнама жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба ПИК жұмысын едәуір жеңілдетеді. Уақытты да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ал тұрғындар үшін тиімді жақтарының бірі – қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өйткені өздерін ПИК қызметкері ретінде таныстырып, пәтерге алдап кіретін қылмыскер мен алаяқтарға есік ашпас үшін тұрғындар е-ПИК қосымшасы арқылы кооператив мамандарының келе жатқанынан хабардар болып отырады. Сонымен қатар пәтер иелері осы мобильді
қосымшасы арқылы тұрғындарға ортақ пікір алаңын ашып, үйдің күтіміне қатысты жайттардан ақпарат алмасуға да мүмкіндік бар. Бұл ретте пәтерін жалға беріп, өздері басқа қалада тұратын азаматтар да осы ортақ пікір алаңына мүше бола алады, – дейді Азамат Әміржанов
сөз арасында.
Астана қаласы «Бәйтерек» ПИК
қауымдастығының төрағасы Мизамбек Кенжебаев пен «e-home» компаниясының бас директоры Талғат Мұхаметқалиев та баяндама жасап, жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Нұрдәулет Кәкішев




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button