Басты ақпаратМәдениет

ЕЛНАЗ НҰРСЕЙІТОВА «АСТАНА АРУЫ» АТАНДЫ



Кеше шаһарымызда қала əкімдігінің қолдауымен «Астана аруы-2016» сəн байқауы өтті. Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушысы – «Prima Vera» модельдік агенттігі. Білімі мен білігі, ақылы мен көркі бір бойында тұнған арулар байқауына еліміздің жоғары оқу орнында білім алып жатқан 20 ару қатысқан болатын. Əрине, бəрі де жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін асқақтатсам дейді.

arular
Əрі де бергі тарихқа көз жүгіртсек, қазақ халқында қыз баланың тəрбиесіне айрықша мəн беріліп, қадірі биік тұрған. Сондықтан да бүгінгі байқауға қатысып жатқан ару қыздар тарихта өшпестей із қалдырып, мейірбандықтың жаршысы, шаңырақтың шырақшысы болған Домалақ ананың, күй анасы Динаның, Шығыстың қос жұлдызы – Əлия мен Мəншүктің жалғасы іспетті.
– Сұлулық байқауына 17-23 жас аралығындағы ару қыздар қатысып жатыр. Бəрі де марапатқа лайық деп айтқым келеді. Себебі, іріктеу кезеңі 8 қазан күні басталған болатын. Осылайша, аз ғана уақыттың ішінде олар бар өнерлерін ортаға салып, мүмкіншілігі мен қабілеттерін көрсете білді. Айта кетерлігі, жыл сайын сайысқа қатысушылар қатары көбеймесе, азаймақ емес. Бұл – қуантарлық жағдай. Мұндай байқауға қатысқан қыздар өз қатарластарынан біртабан алда болып, өмірге азық болар тəжірибе жинай түседі, рухани тұрғыдан да өсу байқалады. Ал байқау қорытындысы жөнінде айтар болсақ, бүгінгі кеште топ жарып, суырылып алға шыққан 3 аруымыз «Қазақстан аруы» ұлттық байқауына жолдама алып, əрі қарай да өнер көрсетпек, – деді конкурс директоры Ольга Радеш.
Ел егемендігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген «Астана аруы-2016» сұлулар сайысын қорытындылай келе, аталмыш байқауда бірқатар ару қыздарымыз жеңіс тұғырынан көрінді.
Осылайша, 3-вице-ару аталымында Бибінұр Есімова жеңіске жетсе, 2-вице-ару Екатерина Подгородецкая атанды. Ал 1-вице-ару номинациясында тұғырдан көріну Бегайымға Жолабекова  бұйырды. Биылғы жылы «Астана аруы-2016» байқауында бас жүлдегер 18 жасар астаналық  Елназ Нұрсейітова атанды. Жəне де шараның бас жүлдесі – 1 000 000 теңге сертификаты да аталмыш жеңімпазға ұсынылды.
Бас қалада өткен сəн байқауы осылайша өз мəресіне жетті.

Əмір ДОСҚОЖА




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button