Ел тынысы

Елордада 127 мың оқушы мен студент бір уақытта қазақ күйлерін орындады



Челлендж биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж бүгін сағат 12:00-де еліміздің барлық білім ордаларында өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Бұл өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, балалар арасында домбыра тартуды насихаттауға бағытталған.

Домбырашылар челленджінің мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және ұлттық аспабымыз домбыраны барынша дәріптеу.

«Астана қаласындағы білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж ұйымдастырып отырмыз. Елордада 127 мыңға жуық оқушы мен студент бір уақытта Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады. Челлендждің мақсаты – ұлттық аспабымыз домбыраны барынша насихаттап, жас ұрпақ бойына сіңіру, – деді қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Маржан Бақыт.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button