ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Елордада «Қарызды өсімақысыз төле» акциясы басталды



c-6

«Астана су арнасы» сумен жабдықтау және су ағызу қызметтерін тұтынушылар үшін «Қарызды өсімақысыз төле» акциясы басталғанын хабарлайды.

Суық су және су ағызу қызметтері үшін қарызын өтеген қала тұрғындарына, соның ішінде үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін осы жылғы желтоқсан айына есептелген соманы қосқанда, өсімақы алынып тасталады. Бұл 2017 жылғы қаңтардың түбіртектерінде көрініс табатын болады.

Еске салсақ, «Астана су арнасы» жеке тұлғаларға арнап «Келісімшарт жаса» акциясын өткізуде. Ол орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз жүйесі қызметтерін келісімшартсыз тұтынып жүрген тұтынушыларға бағытталған.

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғындар 27-03-70, 37-50-07 телефондарына немесе call-орталықтың 1302 номеріне хабарласа алады.

astana.gov.kz.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button