Елорда тынысы

Елордада волонтер көп



Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

– 2020 жылдан бастап «Еріктілікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын» орындау шеңберінде «Астана жастары» ЖРО базасында волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарға ресурстық және ақпараттық көмек көрсету үшін «қалалық еріктілер штабының» фронт-офисі жұмыс істейді.

Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл волонтерлік топпен, 4 ҮЕҰ-мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында, кәсіпорындармен және қала меценаттарымен бірлескен қызмет жүргізіледі. Штабта 6000-нан астам белсенді ерікті жұмыс істейді. Олармен бірге 2023 жылы 670-тен астам іс-шара өткізілді. Негізгі жобалар: «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Қамқорлық мекенжайы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem», – дейді мәслихат төрағасы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button