Жаңалықтар

ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗУДЕ



57936ebc74bc7ba7de6efcbbf65

Астанада «25 ізгі іс» кең ауқымды іс-шарасы жалғасып жатыр. «Меркурий и К» ЖШС құрылыс нысанында (Жағалау) тұрғындар профилактикалық тексеруден өткізілді.

Шара барысында 100-ге жуық адам тегін тексеруден өтіп, терапевт, онколог, окулист, ЛОР-дәрігері, гинеколог, УДЗ-маманы және фтизиатр мамандарынан консультациялар алды.

Құрылыс нысанының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарға қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін анықтайтын экспресс-диагностиканы пайдалана отырып, консультативтік-диагностикалық қызметтер ұсынылды, флюорографиялық тексеру жүргізілді.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы «25 ізгі іс» акциясын халықты сауықтыру және аурулардың алдын алу үшін ұйымдастырып отыр.

Сонымен қатар, қалалық емханаларда зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған ашық есік күндері өткізіледі.

astana.gov.kz 




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button