Мәдениет

Елордалық еріктілер марапатталды



Бейбітшілік және келісім сарайында Астана қаласы әкімдігі «Астана жастары» жастар ресурс­тық орталығы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Volunteer FEST» фестивалі өтті. Салтанатты жиында әртүрлі салада өз еркімен қоғамға пайдасын тигізіп, белсенділік танытқан 50-ге жуық ерікті ұйым қатысып, марапатталды.

мекші, волонтерлер – жүрегі кең, қайырымды, қамқор жандар. Аталмыш фестиваль – еріктілерге құрмет көрсету мақсатында қалалық деңгейде қолға алынған алғашқы іс-шара. Алдағы уақытта фестивальді дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу жоспарда бар. Басты мақсат еріктілерді марапаттау емес, барлық волонтерлер – марапатқа лайық азаматтар. Сондықтан баршаңызға алғыс айтамыз» деді Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров құттықтау сөзінде.

Жеңімпаздар сегіз бағыт бойын­ша анықталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл ұйым­дардың басым бөлігі сегіз жылдан аса уақыт қызмет көрсетіп келеді.

Атап айтқанда, экология бағытында «Мы за чистую страну» экологиялық қозғалысы, әлеуметтік бағытта «Мейірімді жандар» волонтерлік тобы, «Клуб добряков» қозғалысы, «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры лайық деп танылды. Төтенше жағдайдағы волонтерлік бағытында «Lider.kz» қоғамдық бірлестігі, инклюзивті бағытта «MikaSun» инклюзивті волонтерлік тобы және «Подари счастье» әлеу­меттік бағдарламалар орталығы жеңіс тұғырынан көрінді. Қоғамдық тәртіп бағытында «Alphard club Astana», «Skoda club Astana» және «Brat za brata 001» автоклубтары бар. Медицина саласында «Медицина жастары» РҚБ үздік деп анықталса, жануарларды қорғау бағыты бойынша «Сердце ангела» қайырымдылық қоры, «Ковчег» панасыз жануарларға арналған қайырымдылық қоры марапатталды. Event волонтерлік саласында «Ашық жүрек» клубы, «Путь мастерства» қайырымдылық қоры және басқа да ұйымдар жеңімпаз атанды.

Әлеуметтік бағыт бойынша жеңімпаз атанған ұйымның бірі – «Biz birgemiz» еріктілер қозғалысы.

«Біздің бірлестіктің құрамында 1000-ға жуық ерікті бар. Осы уақытқа дейін біз жеті отбасыға пәтер алуға қол ұшын создық. Сондықтан жеңімпаз атанғанымыз­ға шын көңілден қуаныштымын. Барлық еріктіні жеңімпаз деп санаймын» деді волонтерлік қозғалыстың төрағасы Аян Сәлімгереев.

Халық арасында волонтерлердің беделін арттыру және волонтерлік жұмыстың маңызын насихаттау, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасау, волонтерлік жобаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылыған кеште еріктілер үшін концерттік бағдарлама қойылып, фото-көрме өткізілді.


Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button